Елімізде темекі 630 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

0
623

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңге.


Елімізде темекі 630 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап темекі бағасын көтеруді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп жазады Zakon.kz.

Осылайша, 20 фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папирос, сигарилла және қыздырылған темекі бұйымдарына ең төменгі бағаны мына мөлшерде белгілеу ұсынылады:

  • 2022 жылғы 1 сәуірден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін 590 теңге;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 630 теңге.

Бұйрық жобасы 2022 жылғы 18 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 наурыздан бастап фильтрлі және фильтрсіз темекінің 20 данасының ең төменгі құны мынадай мөлшер бойынша белгіленген:

  • 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанда 550 теңге;
  • 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 570 теңге;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңге.