Елімізде тұрғызылып жатқан құрылыс нысандары салынбай қалуы мүмкін

0
336

Әрбір шығынын есептеп барып, тапсырыс алған мердігерлер бүгінде не істерлерін білмей дал.


Елімізде тұрғызылып жатқан құрылыс нысандары салынбай қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Еліміздегі бірқатар құрылыс нысаны сол күйі салынбауы мүмкін. Себебі шикізаттың қымбатттауы мердігерлерді тығырыққа тіреді, деп жазады 24.kz.

Әрбір шығынын есептеп барып, тапсырыс алған мердігерлер бүгінде не істерлерін білмей дал. Себебі, құрылыс материалдарының жылдың басындағы бағасы мен қазіргі құны жер мен көктей. Құрылыс материалдарының бағасы сол күйі аспандап тұр. Ол, әсіресе, цемент, бетон, жылытқыштар мен металда айқын сезіледі. Нарықтағы жағдай саладағы компаниялардың салын суға кетірді. Бұлай жалғаса берсе, елде құрылыс мүлде тұралап қалуы мүмкін.

Қазақстан Құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары Бениамин Файзуллин осылай дейді. Себебі мемлекеттік бағдарлама аясында тапсырыс алған мердігерлер шикізат құнының қымбаттауынан шаш етектен шығынға батқан. Сондықтан олар әу бастағы келісімшартқа түзетулер енгізіп, қосымша қаржы бөлуді сұрап отыр. Қазір Одақ аталған мәселені тиісті органдарға жеткізгенін хабарлады. Алайда нәтиже жоқ. Ал құрылыс материалдарының құны өскен үстіне өсіп барады. Мәселен, арматураның тоннасы бүгінде 430 мың теңгеден саудаланып жатыр. Баға былтырмен салыстырғанда 232%-ке артқан. М-400 маркалы цементтің құны 36 мың теңге деп белгіленген. Өсім 218%-ті құрайды. Жалпы нарықта бұл шикізатқа тапшылық бар. Сол сияқты бетонды жеткізіп беру қызметімен 23 мың теңгеге алуға болады. Оның құны 114%-ке көтерілген. Кірпіш те қымбаттады. Бір данасы - 80 теңге.