Елімізде ұшу аппараттары бағытында бітірген түлектер 1 млн теңгеден астам жалақы алады

0
1 012

Бұл бакалавриат түлектерінің арасындағы ең жоғары жалақы дейді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» сарапшылары.


Елімізде ұшу аппараттары бағытында бітірген түлектер 1 млн теңгеден астам жалақы алады

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұшу аппараттары жасау және оны пайдалану бағытын бітірген түлектер 1 млн теңгеден астам жалақы алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл бакалавриат түлектерінің арасындағы ең жоғары жалақы дейді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары.

«Бакалавриат түлектерінің арасында нақты мамандықтар бойынша ең жоғары жалақыны «5В074300 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» бағытын бітірген түлектер алады – 1 млн теңгеден астам. Сонымен қатар, «5B070800 Мұнай-газ ісі» (338,4 мың теңге), «5В071500 Теңіз техникасы және технологиялары» (298,7 мың), «5B070700 Тау-кен ісі» (276,1 мың), «5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (257,4 мың), «5B100200 Ақпараттық технологиялар жүйесі» (268,5 мың) мамандықтары бар.

Магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақы – «6М052000 Іскерлік әкімшілік» (614,8 мың теңге), «6М051400 Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «6М070700 Тау-кен ісі» (391,6 мың), «6М070800 Мұнай-газ ісі» (386 мың теңге), «6M070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (374,7 мың теңге) бойынша оқуды аяқтағандардың үлесінде.

Еске салсақ, бұған дейін магистратура түлектері бакалаврлардан артық табыс табатындыға туралы айтылды.