Елімізде «Жеті жалын» атты жаңа жоба бастау алды

0
1 274

Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады


Елімізде «Жеті жалын» атты жаңа жоба бастау алды

ERNUR.KZ. Белсенді, болашағынан зор үміт күттіретін жастар іздестіріледі. Жоба Қоғамдық даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің қолдауымен қолға алынған, деп жазады 24.kz.

Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Осылайша, қоғам мен өңірдің дамуына үлес қосқан озық ойлы, бәсекеге қабілетті жастар анықталмақ.

Атап өтейік, топ ішінен дара шыққан жеңімпаздар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қосылады.

"Біз жалындаған жастарды көргіміз келеді. Өмірде белгілі бір жетістікке жетіп, елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз азаматтарды анықтау – басты мақсат. Күні ертең оларды өзгелерге үлгі етуді көздейміз" - деді Тоқтар Болысов Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры.