Елімізден 5 млн теңгенің COVID-тестін заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды

0
692

Жүк БҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне табысталды.


Елімізден 5 млн теңгенің COVID-тестін заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстан шекарасынан COVID-2019-ды анықтауға арналған тесттерді заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді, деп жазады zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтайтын 1000 тестті Қазақстаннан шығару әрекетінің алдын алды.

Ұсталған жүктің болжамды құны – 5 074 480 мың теңге.

Жүк БҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне табысталды.