Еліміздің 1000-ға жуық мектеп пен колледжде құқықтық мәдениет сабақтары басталды

0
74

Бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірлерінде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде «Заң және тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары басталды.


Еліміздің 1000-ға жуық мектеп пен колледжде құқықтық мәдениет сабақтары басталды

ERNUR.KZ. Жобаны ауқымды түрде енгізу туралы шешім Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық кезеңнің қорытындылары негізінде қабылданды. Онда оқушылар арасында буллинг пен құқық бұзушылықтардың төмендегені тіркелді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту минисрлігі.

Жоба ең кең қамтылған өңірлер қатарында Шымкент қаласы – 100-ге жуық беру ұйымы, Қарағанды облысы – 190-нан астам, Павлодар облысы – шамамен 110 ұйымды қамтиды. Оқушылармен жұмысқа құқық қорғау органдарында қызмет еткен тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылған. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі.

Пилоттық кезең Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжде өткізіліп, 9 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Мониторинг нәтижелері бойынша буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18%-ға төмендегені, мінез-құлық тәуекелі төмен оқушылар үлесінің 31,9%-ға артқаны, сондай-ақ баса назар аударуды қажет ететін жасөспірімдер санының 30%-ға азайғаны анықталды.

Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Заң және тәртіп» жобасы республика бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба білім алушылардың заңға бағыну мәдениетін және жауапкершілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.