Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

0
956

Бірқатар өңірде қар мен жаңбыр жауады.


Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. 4-6 желтоқсан аралығында республикамыздың бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Аймақтарда қатты жел тұрып, қар аралас жауын-шашын жаууы ықтимал, деп жазады Azattyq Ruhy.

РМК «Қазгидромет» хабарлауы бойынша, Астанада 4 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с жел соғады.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

4-6 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жел соғады деп күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман орнайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыстын жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, күндіз солүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болуы мүмкін.