Мамандар алыс жолға шыққанда төтенше жағдайлар департаментінің ескертулеріне құлақ асып, барынша сақ болуға шақырады.
ERNUR.KZ. Елорданы қалың тұман басты. Табиғи құбылыс шаһарда бірнеше күн бойы сақталып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірақ табиғи құбылыс қаладағы көлік қозғалысына әсер еткен жоқ. Дегенмен, қалааралық жолдарда бірнеше көлік оқиғалары тіркелген. Алайда, қазір барлық республикалық маңызы бар жолдар ашық. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, ел астанасында 11 желтоқсанда тұман сақталады. Еліміздің өзге өңірлерінде осындай ауа райы күтілуде. Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, ал кей жерлерде көктайғақ болады.Сондай-ақ Қостанай облысында да қалың тұман түседі деп күтілуде. Осы орайда мамандар алыс жолға шыққанда төтенше жағдайлар департаментінің ескертулеріне құлақ асып, барынша сақ болуға шақырады.
- Қазіргі сәтте республкалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық. Барлық бағыттарда қозғалыс ашық. Бүгін түнде Ақтөбе облысындағы Дон елді мекені мен Қарабұтақ елді мекені арасында тұманға байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Таңертең шектеу алынып, көлік қозғалысы қалпына келді, - дейді «Қазавтожол» ҰК АҚ пайдалану департаментінің директоры Әмір Кәрімбаев.