Еліміздің екі қаласынан Новосібірге әуе рейстері қайта ұша бастайды

0
644

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.


Еліміздің екі қаласынан Новосібірге әуе рейстері қайта ұша бастайды

ERNUR.KZ. Qazaq Air әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездескен болатын. Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

«Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - делінген комитет хбарламасында.

Осылайша, желтоқсаннан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр.