Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері – ел ішінде кең тараған мәселе.
Фото: Aircoach
ERNUR.KZ. Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежай және қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр, деп жазады stan.kz.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері – ел ішінде кең тараған мәселе.
“Халықаралық әуежайларда QR код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды SIM-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуға тиіс”, – дейді министр.
Министрдің сөзінше, елде ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынамайды. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады деді министр.