Еліміздің үш өңірінде киік мүйізін сатқандар ұсталды

0
1 181

Олардан құны 2 миллиард теңгені құрайтын 3 мыңнан астам киік мүйізі табылды.


Еліміздің үш өңірінде киік мүйізін сатқандар ұсталды

ERNUR.KZ. Еліміздің үш өңірінде киіктің мүйізін саудалаған браконьерлер мен алыпсатарлар ұсталды, деп жазады 24.kz.

Ауқымды шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тексеріс жүргізіліп, заң бұзған 11 адам қамауға алынды.

Олардан құны 2 миллиард теңгені құрайтын 3 мыңнан астам киік мүйізі табылды. Қазір сарапшылар қоршаған ортаға келтірілген залал көлемін анықтап жатыр.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтардың көмекшілерін іздестіруге кірісті. Бұл деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.