Елімізге Pfizer вакцинасының 210 мың дозасы жеткізілді

0
527

Өнім 12 жастан асқан азаматтарды ревакциналау үшін арнайы алынды.


Елімізге Pfizer вакцинасының 210 мың дозасы жеткізілді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцина жақын күндері қазақстандықтарға қолжетімді болады, деп жазады baq.kz.

Өнім 12 жастан асқан азаматтарды ревакциналау үшін арнайы алынды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Наргиз Мұратованың айтуынша, Pfizer-дің алдыңғы партиясы, яғни 4 млн дозасы толық егілді. Бұл туралы Хабар 24 жазды.

Венгриядан гуманитарлық көмекпен 210 мың вакцина дозасы жеткізілді. Қазір оны өңірлерге таратып жатырмыз. Оған қоса, комирнати Pfizer вакцинасының қосымша көлемі келуі мүмкін. Елде 500 мың доза екпе қалды. Яғни QazVaq-тың 170 мыңнан астам дозасы және sinopharm-ның 330 мыңнан астам дозасы бар. Оны халықты вакцинациялауға және ревакциналауға пайдаланамыз, - дейді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Наргиз Мұратова.