Төбелес кезінде пышақ жұмсаған бала да өз қолын жарақаттап алған.
ERNUR.KZ. Елорда мектептерінің бірінде 10 сынып оқушылары төбелескен, деп жазады ҚазАқпарат.
«16 қаңтарда қала мектептерінің бірінде 10-сыныптың оқушылары бір-бірімен төбелесіп, бірі екіншісін пышақтап тастаған. Төбелес кезінде пышақ жұмсаған бала да өз қолын жарақаттап алған», - деді қалалық Полиция департаментінен.
Болған оқиғаны көріп қалған куәгер бірден полиция шақырған.
«Оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды полиция.