Елорда тұрғынының пәтерінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды

0
1 513

Пәтер иесі қоқыс жәшіктерінен жұрт тастаған қажетсіз дүниелерді үйіне жинауға әуес болған.


Елорда тұрғынының пәтерінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды

ERNUR.KZ. Елорда тұрғының пәтерінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасының учаскелік инпекторы Дәулетбек Тәңірбергеновке көпқабатты үй тұрғындары жүгініп, пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатындығын, тарақан мен тышқан жүретіндігін айтып шағымданған. Мұндай жайттың орын алуына себеп – көршілерінің өзінің 3 бөлмелі пәтерін қоқыс алаңына айналдыруы. Пәтер иесі қоқыс жәшіктерінен жұрт тастаған қажетсіз дүниелерді үйіне жинауға әуес болған.

Мән-жайды анықтау барысында 53 жастағы азаматтың жалғыз өзі тұратындығы анықталды. Учаскелік инспектордың жәрдемімен оның пәтерін тазалау ұйымдастырылды. Тазалау жұмыстары екі күнге созылып, бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды. Үй тұрғындары учаскелік инспекторға көмек көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар учаскелік инспектор аталған азаматқа жеке куәлігін және әлеуметтік төлем алуға қажетті құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті.