Ақысыз такси күндіз-түні жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Күн райы күрт құбылып, боран соққалы елордада тегін такси қызметі пайда болды. Сауапты істі бастаған Әзірет Сұлтан мешіті. Қайырымдылық акциясы «Ізгі қала тұрғындары» деп аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның аясында шаһардағы 12 мешіттің қызметкерлері мен жамағаты адамдарды діттеген жеріне тегін апарып жүр.
Атап өтейік, бұл бір күндік іс емес. Жалғаса береді. Ақысыз такси күндіз-түні жұмыс істейді. Көшеде тоқтатсаңыз да тегін жеткізеді. Мұндай игі амал былтыр да жасалып еді. Бұл жолы ұйымдастырушылар Әл-Фараби бабамыздың идеясын негізге алған.