Әкімдік ақпаратынша, ұйымдастырушы Марат Әбиев тұрғындарды алдап концертке шақырып жатыр.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі бүгін, 8 мамыр "Барыс Аренада" жұлдыздардың қатысуымен концерт өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 8 мамыр "Барыс Аренада" концерт өтетіні туралы ақпарат тараған.
"Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. "Барыс Арена" ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың спорттық-мәдени нысандарын басқаратын MTEXmanagement компаниясы да қала тұрғындарына концерт өткізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
Әкімдік ақпаратынша, ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап концертке шақырып жатыр. Осылайша адамдарды шатастырып жүр.
Қала тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырамыз. Заңсыз әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған, деп ескертті әкімдік.