Бұдан басқа Департаментпен алдағы уақытта әкімшілік заңнаманы бұзуға жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
ERNUR.KZ. Елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің шенеуніктері жауапкершілікке тартылды. Астаналық прокуратура Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметінде әкімшілік заңнама талаптарының бұзылуын анықтады, деп жазады 24.kz.
Ағымдағы жылы Департамент мемлекеттік мекемелердің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыздармен сотқа уақытылы жүгінбеуі бойынша 86 әкімшілік материалдары (Әкімшілік кодексінің 207-бабы) сотқа жолданғаны анықталды. Сонымен қатар, әрбір 3-ші іс Департаменттің кінәсімен сотпен тоқтатылды, атап айтқанда, жауаптылыққа тарту уақытын өткізіп алу, сондай-ақ тиесілі емес тұлғаларға хаттамаларды толтыру.
«Осы жылдың шілде айында сот энергетика вице-министріне қатысты әкімшілік істі тоқтатты, себебі оның лауазымдық міндеттеріне, «D3D» ЖК мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз, жатпайды. Басқа мысал, жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты сот Қалалық соттар әкімшісінің басшысына қатысты істі тоқтатты (бұзушылық анықталғаннан 3 ай өткен соң хаттама толтырылды)», - делінген Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Осыған ұқсас негіздер бойынша Төтенше жағдайлар комитеті, «Астана ЛРТ» ЖШС, «Казсушар» РМК және квазимемлекеттік сектордың басқа да лауазымды тұлғалары жауаптылықтан құтылды. Прокуратураның ұсынымын қарау нәтижелері бойынша Департаменттің екі басшысы әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа Департаментпен алдағы уақытта әкімшілік заңнаманы бұзуға жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.