Ол күдіктілерді қуып жетіп, ұстап, тәртіп сақшыларының қолына табыстаған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғыны үйінің ауласында итін серуендетіп жүріп ерлік жасады, деп хабарлайды ktk.kz.
Әйелді екі зорлықшыдан құтқарып, онымен қоймай, қаскөйлерді ұстап алып, полицияға тапсырған. Оқиға 11 тамызда кешкі уақытта болған. Сергей Горбунов Қаржы академиясы маңында Алтынемел көшесінің бойында маламут тұқымдас итін серуендетіп жүрген. Ер адамның айтуынша, итімен серуендеп жүрген кезде бұтақтардың арасынан көмек сұраған әйел адам жүгіріп шыққан. Оның артынан тағы екі адам көрінген.
Сергей 102 операторларына ескертіп, күдіктілердің соңынан қуған. Ол күдіктілерді қуып жетіп, ұстап, тәртіп сақшыларының қолына табыстаған. Әріқарай итін серуендетуді жалғастырған. Facebook қолданушысы Ирина Севостьянова күйеуінің ерлігі туралы желіде жазба қалдырды.
"Сүйікті күйеуім Сергей мен ақылды Дэня нағыз зорлықшыларды ұстады! Екеуін! Біздікілер бейбіт тыныш ауданда жүрген. Олардың соңынан қуып, ақыры ұстады. Жүгіріп келе жатып, полицияға хабар беріп, қолдарына тапсырған. Тәртіп сақшыларының қолына қылмыскердерді тапсырды. Таңғалатыным, күдіктілерді ұстау кезінді жолдасым соққы дарытпаған, итіміз тістемеген", - деді әйел адам.