​Елордада қатты жылдамдықпен келген көлік бағанаға соғылды

0
1 070

Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізуші өте жоғары жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған.


​Елордада қатты  жылдамдықпен келген көлік бағанаға соғылды

ERNUR.KZ. Елордада жеңіл көлік үлкен жылдамдықпен келе жатып жол жиегіндегі бағанаға соғылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 6:30-дар кезінде Қабанбай батыр даңғылы бойында орын алды. Lexus маркалы көлігін 1980 жылы дүниеге келген азамат басқарған. Ол елордадан Қосшы ауылына қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізуші өте жоғары жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік жолдың жиегіндегі бағанаға соғылды», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.

Белгілі болғандай, қатты соққыдан көлік аударылып қалды. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүріп жатыр.

«Оқиға орнында жүргізушіні жедел жәрдем дәрігерлері тексерді. Денсаулығына зақым келмегендіктен, ол үйіне жіберілді»,- деп нақтылады баспасөз қызметі.