Елордада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шықты

0
319

ТЖМ күштерімен өрт алдын ала 40 шаршы метр алаңда оқшауланды.


Елордада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. Бүгін Нұра ауданында Қазыбек би көшесі бойындағы салынып жатқан ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп жазады inform.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ күштерімен өрт алдын ала 40 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанды.

Бүгін түнде Қарағанды облысында өрттен 3 баланың эвакуацияланғанын жаздық.