Елордада мас ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттады

0
713

Отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы күйеуі мас күйде жарына оқ атқан.


Елордада мас ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттады

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 20 қазан күні кешке тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

«20 қазан күні сағат 22.19 шамасында Полиция департаментінің жедел басқарма орталығына 55 жастағы елорда тұрғыны мен оның 5 жастағы баласына оқ тигені туралы мәлімет келіп түсті», - делінген хабарламада.

Полиция анықтағанындай, отбасылық жанжал кезінде әлгі әйелдің 59 жастағы күйеуі мас күйде жарына оқ атып, оның екінші некеден туған ұлын жарақаттаған.

«Әйел алған жарақатынан көз жұмды. Ал бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қалалық уақытша оқшаулағышқа қамалды», - делінген хабарламада.