Тұрғындар тарапынан масаларды улауға қатысты көптеген шағымдар түскен.
ERNUR.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов масаларды улауды тапсырды, деп жазады baq.kz.
"Тұрғындар тарапынан масаларды улауға қатысты көптеген шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады", - деп жазды Алтай Көлгінов Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде масаларға қатысты шағымдарын көптеп жазған болатын.