Бүгінде орталықтың ғарыш музейі мен ғарыштық кемелер макеттері тұратын алғашқы жоба бөлігі тұрғызылды.
ERNUR.KZ. Жаңа нысанның салынуы туралы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді, деп жазады Елорда Инфо.
«Қаланың туристік картасындағы жаңа нысандардың бірі «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының 300 көрерменге арналған планетарий орталығы болып табылады. Сондай-ақ, орталықта ғарыш музейі, әкімшілік-шаруашылық блок және кеңсе болады», - деп жазылған басқарманың Facebook парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, аталған нысан қаланың Қосшы кенті мен әуежай жағынан қаланың айналма бөлігін түйістіретін болады.
Басқарманың мәліметінше, бүгінде орталықтың ғарыш музейі мен ғарыштық кемелер макеттері тұратын алғашқы жоба бөлігі тұрғызылды.