Елордада Sulpak дүкенінің сатушылары 20 дана смартфон ұрлаған

0
884

Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құрады.


Елордада Sulpak дүкенінің сатушылары 20 дана смартфон ұрлаған

ERNUR.KZ. Астанадағы тұрмыстық техника сатумен айналысатын Sulpak дүкендер желісінің екі сатушысы өзі жұмыс істейтін дүкеннен 20 ұялы телефон ұрлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 28 шілде түнде болған. Түнгі ауысымға түскен жұмысшылар электр жарығының сөнгенін пайдаланып, қоймадағы жаңа смартфондарды сыртқа алып шығыпты. Олар 9 дана iPhone мен 11 дана Samsung смартфонын қолды қылған. Келтірілген шығын сомасы – 6 миллион теңге.

Шұғыл іздеу барысында күдіктілер ұсталып, олар ұрлық жасағандарын мойындады. Олар ұрлаған заттарын сатып үлгермеген, екеуі тұратын үйді тінту барысында телефондардың барлығы табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.