Елордада тұрмысы төмен отбасыларға үй беру үшін өтініш қабылдау басталып кетті

0
958

Өтінішті қабылдау мерзімі шектеулі: 17 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (I-кезеңі).


Елордада тұрмысы төмен отбасыларға үй беру үшін өтініш қабылдау басталып кетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының "Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру" бағыты бойынша өтініш қабылдауды бастады, деп жазады zakon.kz.

Өтініштер 17 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (I-кезеңі) қабылданады.

Бағдарламаға келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады:

1) көпбалалы отбасы; 2) толық емес отбасы; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасы.

Негізгі бағдарламаның шарттары:

- Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үй кезегіне тұру;

- Отбасының бір мүшесінің табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс;

- Несиелеудің ең көп сомасы - 15 млн теңге;

- Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;

- Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде;

- Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады;

- Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған.

Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша 3 кезеңнен өту керек:

Тұрғын үй қорынан жолдама алу;

Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау;

Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын салу қажет. Жолдама алғаннан кейін азаматтар "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.