Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.
10 мамырда сағат 18.40-та "102" желісіне жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хабарлама келген.
"Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен 40-ншы станцияға қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті, сөйтіп 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.