Елордадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

0
358

15-ке жуық ұсыныс түсті.


Елордадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

ERNUR.KZ. Астанада 2024 жылдың 19 маусымында жаңа ауданның атауы бекітілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елорданың тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, алтыншы ауданның атауын таңдау үшін ғалымдардың қатысуымен бірнеше отырыс өткізілген.

«15-ке жуық ұсыныс түсті. Олардың төртеуі іріктелді: Сарайшық, Сауран, Тұран және Жеруық. Олар бойынша ономастикалық комиссияның тағы бір отырысы өтті. Содан кейін дауысқа салынып, көпшіліктің даусымен Сарайшық нұсқасы таңдалды», - деді ол.