Елордалық колледж студенттеріне ЖИ қолдану арқылы жаңа мамандық оқытылады

0
94

Бұл – механика, электроника және бағдарламалауды біріктіретін, заманауи өндіріс технологияларының негізін құрайтын бірегей пәнаралық бағыт.


Елордалық колледж студенттеріне ЖИ қолдану арқылы жаңа мамандық оқытылады

ERNUR.KZ. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі директорының IT-технологиялар жөніндегі орынбасары Самир Керимов білім беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу тәжірибесімен, атап айтқанда «Мехатроника» құзыреттілігі мысалымен бөлісті. Бұл – механика, электроника және бағдарламалауды біріктіретін, заманауи өндіріс технологияларының негізін құрайтын бірегей пәнаралық бағыт.

«Біз студенттерге, болашақ мамандарымызға кез келген өндірісте жұмыс істеуді үйретеміз: шағын зауыт, ірі зауыт, басқа да өнеркәсіп. Бұл мамандықты игерген студент кез келген өнімді шығара алатын өнеркәсіптік, өндірістік желілерді іске қоса алады. Бұл тамақ өнімдері, құрылыс материалы, автомобиль корпусы болуы мүмкін. Не өндіретіні маңызды емес. Ең бастысы – оның қалай жұмыс істейтінін білу, бүкіл өндіріс процесін жинау, бағдарламалау және іске қосу. Яғни, бұл қазіргі заманғы өндірісті басқара алатын әмбебап маман, елімізде индустрияландыру және өнеркәсіпті дамыту шеңберінде бұған сұраныс көп», — деді колледж директорының орынбасары.

Сонымен қатар спикер бұл жүйеде жасанды интеллект қалай қолданылатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Қазіргі уақытта барлық өндірістік желі адамның қатысуынсыз жұмыс істейді. Адамның қатысуын азайтуға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесі, арнайы датчиктер, сенсорлар енгізілуде. Жасанды интеллект VR немесе AR көзілдірігі, арнайы технологиялар, қашықтағы қосымшалар арқылы процесті бақылауға көмектеседі. Шын мәнінде, бұл «Мехатроника» құзыретіне қолдануға болатын нәрсенің бір бөлігі ғана. ЖИ кең, оны тәрбиешілер мен шеберлер қолдана алады. Біз қазіргі жастарды оқу үдерісіне қызықтыру қажет екенін түсінеміз. Қазіргі заманғы мұғалім ЖИ элементтерін енгізіп, білім беру процесіне жаңа тәсілдер ұсынуы керек», - деп қосты ол.