Елордалық полицейлер қатты аязда көлік иелеріне көмектесіп жүр (видео)

0
2 062

Күн сайын елордалық департаменттің патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті күзете отырып, көшелерді патрульдейді, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектеседі.


Елордалық полицейлер қатты аязда көлік иелеріне көмектесіп жүр (видео)

ERNUR.KZ. Күннің күрт суытуына байланысты елорданың көптеген жүргізушісі қиын жағдайға тап болуда, деп жазады ҚазАқпарат.

Патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде Петров көшесіндегі үйдің ауласында капоты ашық тұрған «BMW» автокөлігін байқаған.

Үш сағат бойы қозғалтқышты іске қоса алмай, тоңып қалған жүргізуші біраз қиналған.

Полиция қызметкерлері Махмұт Төлеген мен Есжанов Ербол ер адамға көмекке келген. Көлікті болат арқанмен сүйреп шығарып, ауланы бірнеше рет айналып өтіп, олар машинаның қозғалтқышын іске қосқан.

Автокөлік иесі қызметкерлерге алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, полицияның ізгі әрекеті туралы айтқан қала тұрғыны полиция бөліміне ризашылығын білдіріп хабарласқан. 4 қаңтар сағат 10.40-та Тұран көшесінде «Toyota Camry» автокөлігі жүргізушісінің аккумуляторы өшіп қалған.

Көшені торуылдау кезінде полиция қызметкерлері көлікті байқап, оны іске қосуға көмектескен.




Күн сайын елордалық департаменттің патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті күзете отырып, көшелерді патрульдейді, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектеседі.

Күннің күрт суытуына байланысты полиция автокөлік жүргізушілеріне сапарларын шектеуге кеңес береді.

Департамент өкілдері алыс сапарға шығар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеріп, жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетіп, оқиға туралы полицияға хабарлауды сұрайды.