Елордалықтар Pfizer вакцинасын тағы қандай жағдайда салдыра алатыны айтылды

0
754

Pfizer вакцинасы 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ, ревакцинация үшін 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне арналған.


Елордалықтар Pfizer вакцинасын тағы қандай жағдайда салдыра алатыны айтылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордалықтар қандай жағдайда Pfizer вакцинасын салдыра алатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Елдің атынан Олимпиадаға барса, шетелге емделуге шықса немесе "Болашақ" бағдарламасымен шетелдік ЖОО-ға оқуға түскен адамдарға Pfizer вакцинасын сала аламыз", - деді Тимур Мұратов Instagram-дағы Tengrinews.kz тікелей эфирінде.

Айта кетейік, Pfizer вакцинасы 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ, ревакцинация үшін 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне арналған.

Тимур Мұратов "Артылған Pfizer дозаларымен қала тұрғындарын вакциналауға бола ма?" деген сұраққа мұндай шешім қалалық басқару деңгейінде қабылданбайтынын айтты.

Оның сөзінше, қазір Нұр-Сұлтанда "Спутник V", "Спутник Лайт", Sinovac және QazCovid-in вакциналары бар.