Ақорда тиісті жарлықты жариялады.
Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", - делінген Президент қол қойған жарлықта.
Еске салайық, Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.