Елжан Біртановтың адвокаты соттан экс-министрді мазақ қылуды доғаруды сұрады

0
752


Елжан Біртановтың адвокаты соттан экс-министрді мазақ қылуды доғаруды сұрады

ERNUR.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін ұзарту бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп жазады ulysmedia.kz.

Прокурор Төлеген Жараспаев бұрынғы денсаулық сақтау министрінің үйқамақтағы мерзімін тағы екі айға – 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін ұзартуды сұрады. Жараспаев мұны тараптардың қылмыстық іс материалдарымен танысуы үшін жасау керектігін айтты.

Адвокат Дмитрий Куряченко прокурордың ұсынысынан бас тартып, қорғауындағы азаматты заңсыз қудаланғаны туралы жеке қаулы шығаруды сұрады.

«Соттан Біртановты және заңды мазақ қылуды доғаруды сұраймын. Біртановтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеу уәждерінің заңдылығын тексеруіңізді сұраймын», - деді ол.

Экс-министрдің үйқамаққа алу мерзімін ұзартуға адвокат Серік Сағалиев те қарсылық білдірді.

«Біздің қорғауымыздағы азаматтың қылмыстық іс материалдарымен танысу үйқамақ жағдайында өтуі керек дегенмен келісе алмаймын», - деді ол.

Сол 12 қарашаға дейін үзіліс жариялады.