Елжан Біртановтың ісі сотқа қайта келіп түсті

0
538

Сот процесі 11 мамыр күні сағат 10.00-де онлайн форматта өтеді.


Елжан Біртановтың ісі сотқа қайта келіп түсті

ERNUR.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі Сарыарқа ауданының сотына қайта келіп түсті, деп жазады baq.kz.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі Сарыарқа ауданының сотына қайта келіп түсті. Алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленген, - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот процесі 11 мамыр күні сағат 10.00-де онлайн форматта өтеді.

Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген.