Осы оқу жылында 93 116 грант бөлінді.
фото: Sputnik / Павел Лисицын
ERNUR.KZ. Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттер, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы тағы өседі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді , деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы 5 жылда гранттардың саны 1,4 есеге өсті. Осы оқу жылында 93 116 грант бөлінді.
"Сонымен қатар биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені құрайтын болады", - деді Ешенқұлов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда вице-министр бес жыл бұрын болған стипендияның көлемін де еске салды.
"Биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", — деді вице-министр.
Айта кетері, былтыр 1 қыркүйекте студенттер, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы көтерілген болатын.