Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін

0
757

Өзгерген стандарттарға сәйкес енді негізгі 8 қызмет бойынша дәрігердің жазылуынсыз көмек алуға болады.


Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмайтынын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ. Тек кәсіби дәрігерлерге тікелей бара аласыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде. Біз 1 наурыздан бастап бұл мәселені қолға алдық. Бірақ тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Медициналық сақтандыру қорымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, айыппұл салмауды де талқылап, ішкі жұмыстарды үйлестіріліп жатырмыз. Хат негізінде жібердік, бірақ бұйрық енді шығады, - деді министр.

Өзгерген стандарттарға сәйкес енді негізгі 8 қызмет бойынша дәрігердің жазылуынсыз көмек алуға болады.

Министр жалпы тәжірибелік дәрігердің тәжірибесі мен біліміне арқа сүйеу керек екенін айтты.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің білімін жетілдіру мәселесін, қызмет көрсету аясын кеңейту мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деді Әлназарова.

Оның айтуынша, жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесі қысқарып, олардың қолдану мерзімін ұзарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.