Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы автокөлік тарихын тексеруге болады

0
204

Сервис көлік құралының тіркелген күні, кепіл немесе ауыртпалықтың болуы, алдыңғы иелерінің жалпы саны сияқты толық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді.


Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы автокөлік тарихын тексеруге болады

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. eGov Mobile қолданушылары смартфоннан автокөлік тарихын тексере алады, деп жазады sputnik.kz.
Бұрын автокөлік тарихын тексеру қызметі электронды үкімет порталында қолжетімді болды.
"Енді eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты смартфондарынан бірнеше қадам арқылы тікелей ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі", - деп жазылған хабарламада.
Сервис көлік құралының Қазақстан аумағында алғашқы тіркелген күні, кепіл немесе ауыртпалықтың болуы, сондай-ақ алдыңғы иелерінің жалпы саны сияқты көлік құралы туралы толық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте алдыңғы иелердің жеке деректері құпия болып қалады.
Қызметті пайдалану үшін қосымшада автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен техникалық паспорт нөмірін енгізу жеткілікті. Осыдан кейін пайдаланушыға көліктің толық мәліметі, соның ішінде маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқышының көлемі, шанақтың түсі және қосымша жабдықтардың бар-жоғы туралы ақпаратұсынылады.
Сервисті пайдалану үшін пайдаланушыға:
eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, "Қызметтер" -
"Жүргізу және көлік" - "Автокөлікті иелену тарихы" бөліміне өту;
автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін көрсету;
"Іздеу" батырмасын басу;
көлік құралы туралы толық деректі алу қажет.