Енді елімізде ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болмақ

0
612

Микрокредиттер және ломбардтан алған қарыз болса сұраныс мақұлданбай қалады.


Енді елімізде ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болмақ

Фото: washingtonpost.com

ERNUR.KZ. Енді Қазақстанда ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктер қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін барлық қаржылық деректерін тексеретінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Алимент, айыппұл, микрокредиттер және ломбардтан алған қарыз болса сұраныс мақұлданбай қалады. Сол себепті кепілдікке бағалы зат қабылдап, ақша беретін ломбард кредиттік бюроларға қазақстандықтардың берешегі туралы ақпарат беруге міндетті.

“Кепілге салынған мүлікті сату кезінде ломбардтағы заттарды кепілге беру туралы шарт бұзылады. Бұл ретте қарыз алушының міндеттемелері жойылады. Қарыздың тоқтатылғанын кепілдікті сату актісі немесе оны ломбардтың меншігіне айналдыру туралы шешім және қарызды өтеу туралы анықтама сияқты құжаттар растайды”, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент басқармасының бастығы Бағдат Зәуірбеков.