Олар енді банк картасына онлайн тапсырыс бере алмайды.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 28 наурыздағы қаулысы арқылы банк карточкаларын алу процессіне өзгеріс енгізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Он сегіз жастан жиырма бір жасқа дейінгі адамдар санатына жататын клиенттер төлем карточкасын қашықтықтан немесе өкіл арқылы шығаруға және қайта шығара алмайды», - деп жазылған жаңа қаулыда.
Сонымен қатар, енді он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар санатына жататын клиенттер электрондық банк қызметтеріне жүгінген кезде оны ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тексереді.
Бұдан өзге, енді банктің мобильді қосымшаны пайдалану үшін азаматтар банк идентификаттаған ұялы байланыстың бір абоненттік құрылғысын ғана пайдалана алады.