Енді Қазақстанда 3 миллион теңгеден асатын несие рәсімдеу үшін жұбайының келісімі сұралады

0
109

Бұл ереженің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 23 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.


Енді Қазақстанда 3 миллион теңгеден асатын несие рәсімдеу үшін жұбайының келісімі сұралады

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елімізде енді 3 миллион теңгеден асатын несие рәсімдеу үшін жұбайдың келісімі сұралатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Егер несие сомасы 1000 АЕК-тен (3 932 000 теңгеден) асып кетсе, қарыз алушының жұбайының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл талап банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) қатысты және несие берер алдында қолданылады.

Алайда, егер жұбайы қоса қарыз алушы болса немесе несие ішкі қайта қаржыландыруға жатса, онда келісім қажет емес.

Айта кетейік, бұл ереженің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 23 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.