Құжатқа 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары аясында қол қойылған.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын таныстырды, деп жазады baq.kz.
Министрдің айтуынша, құжатқа 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары аясында қол қойылған. Енді бұл келісім екі ел арасындағы азаматтардың елге кіру және болу тәртібін нақтылап, бірқатар өзгеріс енгізеді.
Қандай өзгеріс болады?
- 30 күннен кейін міндетті тіркеу енгізіледі
Бұған дейін Армения азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін полицияға тіркелмей қала алатын. Енді келісім бойынша, елде 30 күннен астам болған жағдайда міндетті түрде миграциялық тіркеуден өтуі қажет. Бұл көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған. - 90 күннен артық қалуға рұқсат бар
Ұлттық заңнамаға сай, екі ел азаматтары 90 күннен артық болу үшін уақытша тұруға рұқсат (РВП) алуы қажет. Бұл виза режимін алмастырады және азаматтар үшін шығындарды азайтады. - Паспортсыз кіруге мүмкіндік берілмек
Енді:- Армения азаматтары Қазақстанға тек сәйкестендіру құжатымен,
- Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен кіре алады.
Мұндай тәжірибе бұған дейін Ресей мен Қырғызстан бағытында қолданылып келеді.
- Келісім шеңберінде қауіпсіздік те ескерілген
Құжатта әр тараптың жағымсыз тұлғаларды елге кіргізуден бас тартуға немесе елден шығарып жіберуге құқығы сақталған.
Министрдің дерегінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанға 12 мыңға жуық Армения азаматы келген. Армения тарапы бұл келісімді 2023 жылғы 15 қарашада ратификациялады.
Бұл келісім азаматтардың еркін қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, көші-қон бақылауын жақсартып, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтады, - деді Ержан Саденов.