Әзірге интернет №3/4 «Астана-Алматы» бағытындағы бір пойызда ғана жұмыс істейді.
Фото: Жолаушылар тасымалы
ERNUR.KZ. Ертең, 25 қаңтардан бастап Қазақстандағы №3/4 «Астана-Алматы» бағытындағы пойызда интернет іске қосылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, спутниктің арқасында бірақ пойыздың ішіне интернет қосу жоспарланып отыр.
«Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Бірақ, файл жүктей алмайды», - деп хабарлады компания.