Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын кәсіп ашуға жұмсай алады

0
901

Қаулының жобасын Ашық НҚА порталында жариялады және 2023 жылдың 18 мамырына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді болмақ.


Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын кәсіп ашуға жұмсай алады

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялауға болатын қаржы құралдарының тізімін кеңейтуді ұсынады, деп жазады ulysmedia.kz.

Агенттік тиісті қаулының жобасын Ашық НҚА порталында жариялады және 2023 жылдың 18 мамырына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді болмақ.

Құжатта:

  • қазақстандық брокерлерге шот ашу үшін шетелдік есеп айырысу ұйымдарының тізбесін кеңейту;
  • жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялауға болатын қаржы құралдарының тізбесін ұлғайту және кеңейту;
  • зейнетақы активтерін басқарушылардың санының артуы ұсынылады.

Түсіндірілгендей, тізімге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған субъектілер, «Негізгі» немесе «Балама «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және (немесе) сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналды құнынан кемінде 50%-ын қамтитын «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы енген.

Бұған дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 15 трлн теңгеден астамға жеткені хабарланған болатын. Екі жылда қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу және емделу үшін 3,5 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағын алған.