Енді ҚТЖ пойыз кешіккенде SMS-хабарлама жібереді

0
1 138

"Жолаушылар тасымалы" АҚ биыл желтоқсаннан бастап пойыздардың екі сағаттан астам кешігуі туралы SMS-хабарландыру жүйесін іске қосты.


Енді ҚТЖ пойыз кешіккенде SMS-хабарлама жібереді

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жолаушылар үшін SMS-хабарлама сервисін іске қосты, деп жазады sputnik.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ биыл желтоқсаннан бастап пойыздардың екі сағаттан астам кешігуі туралы SMS-хабарландыру жүйесін іске қосты.
"Хабарламалар Bilet.railways.kz сайтына тіркелген пайдаланушыларға және кассада билет сатып алу кезінде өзінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға жіберіледі", - деп хабарлады ұлттық компания.
Соған байланысты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде дұрыс байланыс мәліметтерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұрады.