Себебі баспана сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу енгізіледі.
Фото: Вечерняя Москва
ERNUR.KZ. Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.
Сенатор Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, қазір қолданыстағы заңнама бойынша үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй салудың үш заңды тетігі бар. Олар Бірыңғай оператордың кепілдігі, екінші деңгейлі банктердің тұрғын үй құрылысына қатысу және көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін қаржы тарту арқылы қатысуға болады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, елімізде 99 үй рұқсатсыз салынған және 42 проблемалық үйлер бар.
"Бұл факторлар кейбір құрылыс салушылар азаматтық қатынастарға сілтеме жасай отырып, жеке тұлғалармен әртүрлі келісімшарттар жасайтындығына байланысты, бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеу және нысандарды тапсыру мерзімдерін кешіктіру, сапасыз құрылыс және үлескерлер үшін шығындар сияқты жағымсыз салдарға әкеліп отыр", - деді Сенат депутаты.
Заңдағы негізгі новеллалар:
- салынып жатқан үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;
- үлескерлердің қаржыларын рұқсатсыз жарнамаға тартуға тыйым салу;
- салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығы бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың бақылау жүргізу;
- салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде жылжымайтын мүлік сатып алуға ипотекаға тыйым салу;
- салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүргізу;
- тұрғын үй құрылысының жоспарлы мерзімін 9 айдан 5 айға ұзартуға рұқсат беру;
- бірыңғай оператордың кепілдігін алу және банктердің жобаға қатысу тәсілдерімен үлестік құрылыс кезінде талаптарды төмендету;
- уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы құрылысының аяқталуын күтпей, әкімдік рұқсатын алғаннан кейін бірден үлескерлердің ақшасын пайдалануға рұқсаты.
Заңда көрсетілген ұсыныстарға сәйкес, елімізде Үлескерлерді қолдау орталығы құрылады.