Энергетика министрлігі КҚК терминалындағы оқиғаға қатысты түсінік берді

0
135

Мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ.


Энергетика министрлігі КҚК терминалындағы оқиғаға қатысты түсінік берді

Фото: t.me/caspian_pipeline

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы ауданындағы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.

КҚК ақпаратына сәйкес, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмыстарын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады.

ҰҰА шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары алдын ала тоқтатылды.

"Бұдан бөлек, тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ. Шабуыл салдарынан туындаған өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұған дейін КҚК теңіз терминалы маңындағы екі танкерге дронмен шабуыл жасалғанын жазғанбыз.