2020 жылдың 11 ақпанынан бастап бүгінге дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметінде болды.
Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі міндетін Оңдасын Оразалин атқарды.
Ералы Тоғжанов 1963 жылдың 13 мамырында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі міндеттерін атқарған.
2020 жылдың 11 ақпанынан бастап бүгінге дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметінде болды.