Ербаян Мұхтардың денсаулық жағдайы шетелге апаруға жарамайды – сарбаздың әкесі

0
254


Ербаян Мұхтардың денсаулық жағдайы шетелге апаруға жарамайды – сарбаздың әкесі

ERNUR.KZ. Бірнеше ай комада жатып, есін жиған сарбаз Ербаян Мұхтардың қазіргі денсаулық жағдайы белгілі болды, деп жазады inform.kz.

«Алдымен халықтың сұрағына жауап бергім келеді, Ербаянның еміне қаржы жиналды, неге шетелге апарып емдетпей жатырсыздар деп жатыр. Баланың шетелге шығатын құжаты дайын болмай жатыр, Ербаянның қазіргі жағдайында төлқұжат бір аптаның ішінде дайын болмай тұр. Төлқұжат 15 күннің ішінде дайын болады деді, соны күтіп отырмыз. Біздің құжатымыз дайын. Тағы бір айтарым, қазір Ербаянның денсаулық жағдайы шетелге апаруға жарамайды. Таңертең Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қабылдауында болдым. Министрден баламды шетелге апарып емдетудің жолын сұрадық, ол кісі мәселені 10-15 күннің ішінде шешуге тырысатындығын айтты», - деді Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Аймағамбетов елордада өткен брифинг барысында.

Әкесінің айтуынша, қазір Ербаян үй жағдайында ем алып жатыр, дәрігерлердің бақылауында.

«Балам министр Ақмарал Әлназарованың жеке қадағалауында, дәрігерлерді жіберіп тексеріп жатыр», - дейді ол.

Еске сала кетейік, әскерде жүріп, мүгедек болып қалған сарбазды Ұлттық ұланның қолбасшылығы шет елде емдетпекші.

Сондай-ақ, Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарған Ербаян Мұхтардың комаға түсуіне жанама аурулар себеп болғаны айтылды.