"Еркектің кеңдігі мен даналығы сыналады": Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын көтерді

0
268

Медиа маманы келін шаңыраққа келгенде қайын атаның рөлінің зор екенін атап өтті.


Фото: https://www.instagram.com/mukhamedzhan_tazabek/

ERNUR.KZ. Танымал қоғам белсендісі, медиа маманы Мұхамеджан Тазабек отбасындағы ене мен келін мәселесін көтерді, деп жазады stan.kz.

Медиа маманы келін шаңыраққа келгенде қайын атаның рөлінің зор екенін атап өтті.

“Келін мынаны істеуі керек, ананы істеуі керек" деген нәрсе айтылады да, келінге қатысты кімнің қандай нәрсе істеуі керек екені, үйге келген жаңа тұлғаға кімнің қандай көмек көрсетуі керек екені мүлдем айтылмайды. Келінге ата не істеуі керек, күйеуі не істеуі керек, енесі не істеуі керек деп қызығып көрдіңіз бе?! Үйге келін түскенде қайын ата бәйбішесімен көркем қарым-қатынасын күшейту керек. Себебі, бәйбішенің көңілі дұрыс болмаса, "ене" ретінде жайсыз тұлғаға айналуы мүмкін. Келінге комфорт болу үшін қолайсыздық тудыратын факторларды бірден бір шешуі керек адам – қайны ата", – дейді тәлімгер.

Айтыскер ақынның сөзінше, енені келіннің татуылығы тікелей үйдегі ер адамға байланысты көрінеді.

Үйде ерекше атмосфера қалыптастыру, қонақ ағымын қадағалау, үйде жатқан бөтен туыс, бойдақ студент сияқты құбылыстардың бәрін кедергі келтірмейтіндей реттеуі керек. Ене келінді қызындай көре алмауы мүмкін. Заты әйел ғой. Ал қайын ата қызындай көруі керек. Еркектің нағыз кеңдігі, даналығы сыналатын тұс осы. Негізі үйде ата абыройлы болса, ене шектен шықпайды. Сондықтан еркектің абыройы қаншалықты екені – келін келгенде белгілі болады. Ененің "ұлын қызғануы, ас бөлмесін қызғануы, келінге күн көрсетпеу" үйде еркектің билігі әлсірегенде, қадірі қашқанда болатын келеңсіздіктер", –дейді Мұхамеджан Тазабек.