Ермурат Бапи: ​Депутаттық сауалға бірер түсініктеме

0
173

Ермұрат Бәпи дауға айналған сауалына түсініктеме берді.


Ермурат Бапи: ​Депутаттық сауалға бірер түсініктеме

Депутаттық сауалға БІРЕР ТҮСІНІКТЕМЕ

Бұған дейін бірқатар мемлекеттік органдарға жолданған ойын бизнесіне қатысты менің депутаттық сауалымды біраз БАҚ пен интернет ресурстар көшіріп жариялауда. Әлбетте, ортақ елдік мүддеге сәйкес ықылас білдірген масс-медиа өкілдеріне рақмет айтамын.

Бірақ менің қазақ тілінде жолданған депутаттық сауалымды орыс тіліне аударған жарияланымдарда бірер жаңсақтыққа жол берілген. Осыған орай Парламент қабылдап, Республика Президенті қол қойған «Ойын бизнесі туралы» ҚР заңы бойынша құрылған Бірыңғай Есеп Жүйесінің (БЕЖ – ЕСУ) қолданылу барысына сәйкес бірқатар түсініктеме беру қажет болып тұр. Менің пікірімді еркін пайдаланған интернет ресурстардың дені орыс тілді болғандықтан, мен де өз түсініктемемді орысша аударма нұсқасында ұсынуды жөн көрдім. (Отдельное спасибо переводчикам Мажилиса Парламента РК!).

Сонымен бірге, кәсіби әріптестеріме ресми құжат үлгісіндегі депутаттық сауалды баспасөзде мазмұндау кезінде ұқыпты болуды ескерткім келеді! Деректер мен аргументтер бұрмаланған жарияланым қоғамда екіұдай пікір тудырып, қалыптасқан саяси-экономикалық қатынастарды жаңсақ түсінуге әсер етуі әбден мүмкін!