Ертең Күн тұтылады

0
4 390

Тамыздың 11-де Күн тұтылады.


Ертең Күн тұтылады

ERNUR.KZ. Тамыздың 11-де Күн тұтылады. Астрономиялық құбылысты, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары тамашалай алады, деп жазады 24.kz.

«Күннің тұтылуы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 3.31-де минут кеткенде басталады», - дейді астрофизик мамандар.

Осылайша, ай көлеңкесі күннің бетін 23%-ға жауып, бұл шамамен 1 сағат 20 минутқа дейін созылады.

Айта кеткен жөн, дәл осындай құбылысты қазақстандықтар осыдан үш жыл бұрын тамашалаған екен.

Андрей Солодовник, астрономия ғылымдарының доценті:

Осы аралықта сәулелердің белсенділігі өте жоғары болады. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармау керек. Құбылысты арнайы құрылғының, не болмаса қоңыр әйнектің көмегімен тамашалау керек. Өйтпеген жағдайда көз жанарын зақымдап алуға болады.